Біз туралы

Адамға тіл, құлақ қандай керек болса…

білім де сондай керек.

Ахмет Байтұрсынұлы

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақ – білімді ұрпақ қолында» деп айтқандай, «Daryndy-zhas.kz» республикалық –қашықтық оқу орталығы білім нәрімен сусындатарлық жаңа рухани қазына орталығы бір жыл уақыт болды. Қазіргі қоғамда «тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген Әл-Фараби бабамыздың қанатты сөзінің құндылығы еселене түскен сияқты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ашылып отырған бұл орталық жастардың шығармашылық, оқу бағдарламасы аясындағы креативті жобаларын жарыққа шығарып, жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен, ұлы ағартушы Шоқан Уәлиханов: «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген. Біз- Азат, тәуелсіз мемлекетпіз! «Daryndy-zhas.kz» республикалық –қашықтық оқу орталығы оқушының білім деңгейінің көтерілуімен қатар, ұстаздар қауымының беделі бұрынғыдан да жоғарылай түсетініне нық сенім білдіремін!

Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев